Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды

    Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды

    Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтары алдында жарақатқа байланысты Әлібек Қасым мен Ислам Чесноковтан айырылды.

    Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды

    Сурет: kff.kz

    УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы кездесулер қарсаңында Қазақстан футбол құрамасы екі ойыншысынан айырылды. Жарақатына байланысты Әлібек Қасым мен Ислам Чесноков ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, «Астана» клубының қорғаушысы Әлібек Қасым сырт алаңда өтетін екі кездесуге қатыспайды.

    Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Торсхавнда Фарер аралдарының командасымен кездессе, 29 қыркүйекте Кошицеде Словакияға қарсы ойнайды.

    Әлібек Қасымның кейінгі матчтарға қатысу мүмкіндігі оның жарақаттан қаншалықты тез қалпына келетініне байланысты болады.

    Ал «Крылья Советов» сапында өнер көрсететін Ислам Чесноковтың жарақаты күрделірек. ҚФФ мәліметінше, футболшы Қазақстан құрамасының алдағы төрт ойынына да қатыса алмайды.

    Ұлттық құрама 2 қазанда Молдованы, 6 қазанда Фарер аралдарын өз алаңында қабылдайды. Екі кездесу де «Астана Аренада» өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

    Қазақстан 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында C дивизионының үшінші тобында өнер көрсетеді. Топтағы қарсыластары – Словакия, Молдова және Фарер аралдары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →