Рудныйда құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды
Рудныйда 20 қыркүйекте сағат 02:23-те мас күйінде көлік басқарған 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Фото: УП Рудного
Рудный қаласында бір тұрғын үйдің ауласында 20 қыркүйек күні сағат 02:23 шамасында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Тәртіп сақшыларының назарын Nissan маркалы көлік тартты, оның рөлінде 34 жастағы ер адам болған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

«Құжаттарды тексеру және медициналық куәландыру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны расталды. Сонымен қатар, ол бұрынғы құқық бұзушылықтары үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде, бұзушыға қылмыстық жауапкершілік төнуі мүмкін.
Еске салайық, полицейлер ел жолдарында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды тұрақты түрде анықтап отырады. Бұған дейін Алматыда 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл қарызы бар BMW жүргізушісі ұсталған болатын.
