Ақтөбеде емтихандар апатпен аяқталуда: жүргізушілерді қалай даярлап жатыр?
Ақтөбедегі автодромда практикалық емтихан кезінде үміткер көлікті басқара алмай, жол-көлік оқиғасына түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Сол күні Астана мен Талдықорғанда да осындай жағдай тіркеліп, бір күнде үш емтихан апатпен аяқталған.
Жыл басынан бері еліміздің автодромдарында практикалық емтихан кезінде болған жол апаттарының саны 100-ге жеткен. Үміткерлер педальдарды шатастырып, жол белгілері мен қоршауларды қағып, өзге көліктерге соғылған жағдайлар бар.
Бұл деректер жүргізушілерді практикалық даярлау сапасы мен оларды емтиханға жіберу талаптарына қатысты мәселені қайта көтеріп отыр. Абырой болғанда, аталған үш оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Видео: @gov4c.kz
