Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 19 қыркүйек 2026 $ 445,4 511,8 5,27
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Алматыны аяла!» байқауы: 50 жастан асқан 24 өнерпаз сахна төрінде бақ сынады

    Алматыда 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық байқауының финалы өтті. 24 қатысушы сахнаға шығып, жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

    «Алматыны аяла!» байқауы: 50 жастан асқан 24 өнерпаз сахна төрінде бақ сынады

    Алматыда 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар арасындағы «Алматыны аяла!» қалалық өнер байқауының финалы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті. Байқауды Алматы қаласы әкімдігі қолдады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Аталған шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің шығармашылық қабілетін қолдау, өнерін кеңінен насихаттау, бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау және қаланың мәдени-қоғамдық өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.

    Байқау ән, күй және би бағыттары бойынша ұйымдастырылды. 3-15 қыркүйек аралығында Алматының 8 ауданында аудандық іріктеу кезеңдері өтіп, оған 100-ге жуық әуесқой өнерпаз қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша әр ауданның үздік қатысушылары қалалық финалда бақ сынады.

    Финалдық кезеңде 24 қатысушы мен шығармашылық ұжым сахнаға шығып, вокалдық, аспаптық және хореографиялық шеберліктерін ортаға салды.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:

    I орын – Наурызбай ауданының «Саржайлау» оркестрі;
    II орын – Бостандық ауданының «Dancing Queens» би ансамблі;
    III орын – Жетісу ауданының қатысушысы Төлепбаев Серік, «Туған ел» әнімен.

    Сонымен қатар 5 қатысушы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды:

    Медеу ауданының «Семирянка» қасықшылар ансамблі – «Дарья. Ты душа моя» шығармасын орындағаны үшін;
    Жетісу ауданының Нұрдәулет Смағұлов жетекшілік ететін аспаптық ұжымы – «Қайырлы кеш» шығармасын орындағаны үшін;
    Медеу ауданының «Наз қоңыр» тобы – «Құсни Қорлан» әнін орындағаны үшін;
    Әуезов ауданының қатысушысы Мәриям Садыққызы Кетебаева – нақыл термесін орындағаны үшін;
    Наурызбай ауданының «Арай» ән-би ансамблінің бишілер тобы – «Қыз ұзату» биін орындағаны үшін.

    «Алматыны аяла!» байқауы аға буын өкілдерінің өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігінің жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті. Сахнаға шыққан қатысушылар жасқа қарамай өнермен айналысып, жаңа белестерді бағындыруға болатынын өз өнерлерімен дәлелдеді.

    Байқау үздіктерді анықтайтын шығармашылық дода ғана емес, өнер арқылы түрлі буын өкілдерін жақындастыратын, аға буынның белсенді өмір салтын насихаттайтын маңызды мәдени алаңға айналды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →