Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 $ 449,5 518,8 5,34
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбе облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысып, жүргізуші жарақат алды Бағым Мұхитденова жездесінің Майкл Джексон әніне биін жариялады ШҚО-да 60 жасар әйел 30 келілік қой макетін 40 рет көтерді Астанада Жаңа адамдар екі әлеуетті педофилді әшкереледі Астанада човган мен ат поло бағыттарын біріктіретін ұлттық ат спорты клубы ашылды Тоқаевтың Кореяға сапары: 46 жоба, 12,3 млрд доллар инвестиция Ақтөбе облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысып, жүргізуші жарақат алды Бағым Мұхитденова жездесінің Майкл Джексон әніне биін жариялады ШҚО-да 60 жасар әйел 30 келілік қой макетін 40 рет көтерді Астанада Жаңа адамдар екі әлеуетті педофилді әшкереледі Астанада човган мен ат поло бағыттарын біріктіретін ұлттық ат спорты клубы ашылды Тоқаевтың Кореяға сапары: 46 жоба, 12,3 млрд доллар инвестиция

    Ақтөбе облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысып, жүргізуші жарақат алды

    Ақтөбе облысында «Қарабұтақ – Қостанай» автожолындағы теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қозғалыс уақытша шектелді.

    Ақтөбе облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысып, жүргізуші жарақат алды

    Сурет: diapazon.kz / ЖИ

    Ақтөбе облысында теміржол өткелінде жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 16 қыркүйекте «Қарабұтақ – Қостанай» облыстық маңызы бар автожолында болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысқан. Жүргізуші жеңіл дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ.

    Ақтөбе облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, апаттан кейін аталған жол учаскесіндегі көлік қозғалысы уақытша шектелген.

    «Қазіргі уақытта тиісті қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп, жүру бөлігін босату және қозғалысты қалпына келтіру шараларын қабылдауда», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

    Тәртіп сақшылары жүргізушілерге теміржол өткелдерінен өтерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, бағдаршам белгілері мен шлагбаумға ерекше назар аударуды ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →