Ақтөбе облысында үш көлік қатысқан жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Самара–Шымкент тасжолында үш көлік қатысқан жол апаты болып, Hyundai Getz жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Сурет: Видеодан скриншот
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында үш көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам көз жұмды. Апат бүгін түсте Самара–Шымкент тасжолының Ақжар ауылының маңында болған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиғаға «Nissan X-Trail», «Hyundai Getz» және «Lexus LX 470» маркалы көліктер қатысқан. Бұған дейін аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың бір бөлігі пайдалануға берілген болатын.
Апат салдарынан «Hyundai Getz» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Осы көлікте болған екі жолаушы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
