Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 $ 450,7 522,8 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарасай ауданында жоғалған әйелді бір жылдан аса іздестіру жалғасуда

    Lider.kz еріктілері полициямен бірлесіп, Қарасай ауданында жоғалған 1993 жылы туған Жайна Аманқылышованы бір жылдан аса іздестіруде. Белгілері мен іздеу шаралары туралы толық ақпарат.

    Қарасай ауданында жоғалған әйелді бір жылдан аса іздестіру жалғасуда

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Lider.kz ұйымының еріктілері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Қарасай ауданында жоғалып кеткен әйелді бір жылдан астам уақыт бойы іздеп келеді. Іздестіру барысында түскен барлық мәліметтер тексеріліп, бірнеше рет белсенді шаралар ұйымдастырылды. Алайда әйел әлі күнге дейін табылған жоқ. Жоғалған адам туралы ақпарат еріктілердің Instagram парақшасында жарияланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    1993 жылы туған Жайна Жеңісбайқызы Аманқылышова 2025 жылғы 8 маусымда жоғалып кеткен. Ол таңғы сағат 6 шамасында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 30-орам, «Новостройка» мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

    Белгілері: бойы 175–178 сантиметр, дене бітімі арықша, шашы қара, ұзын әрі бұйра. Үстіне қара футболка мен ақ шалбар киген. Өзімен бірге заттары салынған пакеті мен телефоны болған.

    Еріктілер қазақстандықтардан ұқсас әйелдерге назар аударуды сұрайды.

    «Бір сәтке тоқтап, мына әйелдің жүзіне мұқият қараңызшы. Біз жарияланған әрбір ақпараттың ізі болатынына сенеміз. Біреу есіне түсіреді, біреу көргенін айтады, енді біреу танып қалуы мүмкін. Қазір де дәл солай. Келген әрбір жаңа хабар бізге үміт сыйлап, іздеуді жалғастыруға көмектеседі. Осы жазбаны бөлісіңіз. Бәлкім, ол жоғалған әйелдің қазір қайда екенін білетін адамның көзіне түсер», – делінген хабарламада.

    Биыл мамырда куәгерлер әйелді Алматыдағы шағын аудандардың бірінен көргенін айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →