Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Рыбакина US Open-2026 финалында Соболенконы жеңіп, тарих жасады

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 финалында Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, тарихта алғаш рет осы турнирдің чемпионы атанды.

    Рыбакина US Open-2026 финалында Соболенконы жеңіп, тарих жасады

    Сурет: sports.kz

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Финалда ол беларусь теннисшісі Арина Соболенконы (1-орын) үш сет бойынша 6:4, 5:7, 6:2 есебімен ұтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Осылайша, Елена Рыбакина тарихта алғаш рет US Open-ты жеңіп алды. Бұған дейін оның осы турнирдегі ең үздік жетістігі 1/8 финалға шығу болатын.

    Финалға дейінгі жолда Рыбакина америкалық теннисші Тея Фродинді (585-орын), испан Джессика Бусас Манейроны (105-орын), украин Юлия Стародубцеваны (58-орын), жапон Наоми Осаканы (13-орын), қытай Чжэн Циньвэньді (121-орын) және тағы бір АҚШ теннисшісі Кори Гауффты (4-орын) жеңді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →