Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді •

    Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды

    Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумаққа тарады. СҚО төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіруге жұмылдырылды, жағдай бақылауда.

    Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды

    Сурет: instagram.com/tipichka_petro

    Петропавл төңірегінде құрғақ шөп өртеніп, тілсіз жау кең аумаққа тарады. Өртті ауыздықтауға Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен техникасы жұмылдырылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының арғы жағында, Шаховское ауылы маңында тұтанған.

    «Құрғақ өсімдік өртеніп жатыр. Оқиға орнына департаменттің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Жағдай бақылауда», – делінген ведомство хабарламасында.

    Әлеуметтік желіде тараған видеолардан өрттің ауқымды аумақты шарпығанын көруге болады.

    Өңірде бүгін желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жеткен. Бұл жалынның тез таралуына әсер еткен болуы мүмкін.

    Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →