Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады •

    Балалар көлікпен бірге жолда жүр: Құлсарыдағы жаңа мектепке тротуар салынбаған

    Балалар көлікпен бірге жолда жүр: Құлсарыдағы жаңа мектепке тротуар салынбаған

    Фото: видеодан скрин

    Құлсарыдағы Атырау ықшамауданының тұрғындары №26 мектепке баратын жолда жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жоқ екенін айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жаңа оқу жылы басталғанымен, оқушылар мектепке жету үшін көлік жүретін жолмен жүруге мәжбүр. Жаңбырлы күндері жағдай тіпті қиындап, балалар жол жиегіндегі батпақ пен шалшықты айналып өту үшін жүргін бөлікке шығады. Тұрғындардың сөзінше, ықшамаудандағы көпқабатты үйлердің маңында да тротуар қарастырылмаған. Соның салдарынан бұл жолмен балалармен қатар ересектер, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындар да көліктермен қатар жүріп өтеді. Тұрғындар жауапты органдардан №26 мектепке апаратын бағытқа қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрап отыр.

    Видео: @atyrauoil.news

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →