Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігі әзірленеді

    Қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігі әзірленеді. Вице-Президент Ерлан Қарин «қыркүйек» пен «қыргүйек» мәселесін жүйелеуді ұсынды.

    Қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігі әзірленеді

    Фото: AI көмегімен жасалған

    Қазақ тіліндегі «қыркүйек» пен «қыргүйек» нұсқалары жөніндегі пікірталасты жаңа Орфографиялық сөздік әзірлеу арқылы жүйелеу ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин тіл саласының маман-ғалымдарымен өткен арнайы кездесуден кейін мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, «қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты пікірталас тек тіл мамандары мен әдеби ортаға ғана қатысты мәселе емес. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, сөздердің дұрыс жазылуы мен қолданылуы мемлекеттік аппараттың күнделікті жұмысына да тікелей әсер етеді.

    – Мемлекет қай сөздің қалай жазылуы керектігіне араласа алмайды және араласпайды. Бұл сала мамандары мен ғалымдардың жұмысы. Біздің міндетіміз осы істі тиімді үйлестіру, – деді Ерлан Қарин өз сөзінде.

    Кездесу барысында қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігін әзірлеу туралы шешім қабылданған. Алдымен белгілі ғалымдардан арнайы жұмыс тобы құрылып, жаңа сөздік дайындалады. Одан кейін еңбек мекемеаралық комиссияның қарауына ұсынылып, бекітіледі.

    Қолданыстағы Орфографиялық сөздік соңғы рет 2013 жылы жарық көрген. Содан бері қазақ тілінің сөздік құрамына көптеген жаңа сөздер енді. Вице-Президент қазіргі орфографиялық пікірталастардың бір себебі де осы екенін атап өтті.

    – Бұл істе асығыстық танытуға болмайды әрі созып жүруге де уақыт жоқ. Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлегендей, жаңа Орфографиялық сөздікке де ұлттық жоба ретінде қарауға тиіспіз, – деді Вице-президент Ерлан Қарин.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →