Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ташкентте 55 мың орындық жаңа стадион салынып жатыр Қызылорда облысында 6 жасар бала түнгі уақытта көлік басқарған Павлодарда төрт жасар бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды Еуразия ұлттық университеті Нанкай университетімен ынтымақтастықты нығайтты «Жабық есіктің ар жағындағы жағдай»: белсенділер алматылық қыздың ісі бойынша ІІМ-ге жүгінді Орталық Азияда ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы өңірлік стратегия валидацияланды Ташкентте 55 мың орындық жаңа стадион салынып жатыр Қызылорда облысында 6 жасар бала түнгі уақытта көлік басқарған Павлодарда төрт жасар бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды Еуразия ұлттық университеті Нанкай университетімен ынтымақтастықты нығайтты «Жабық есіктің ар жағындағы жағдай»: белсенділер алматылық қыздың ісі бойынша ІІМ-ге жүгінді Орталық Азияда ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы өңірлік стратегия валидацияланды

    Қызылорда облысында 6 жасар бала түнгі уақытта көлік басқарған

    Қызылорда облысында полиция түнгі уақытта 6 жасар бала басқарған Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатты. Баланың әкесіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

    Қызылорда облысында 6 жасар бала түнгі уақытта көлік басқарған

    Сурет: видеодан скриншот

    Қызылорда облысында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта Toyota Land Cruiser көлігін жүргізіп бара жатқан 6 жасар баланы тоқтатты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тексеру кезінде көлік баланың әкесіне тиесілі екені анықталды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың көлік тізгінінде отырғанын байқап, дереу әрекет еткен.

    Оқиғадан кейін баланың заңды өкіліне қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүруі бойынша шара қабылданған.

    Сот баланың әкесін әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері бала және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізген.

    Қазіргі уақытта республика көлемінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

    Полиция ата-аналарға балалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуді және олардың түнгі уақытта қараусыз жүруін қадағалауды ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →