Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды •

    Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек

    Дания Еспаева: Халық Құрылтайда қандай заңдар қабылданып жатқанын білуі керек

    Фото: видеодан скрин

    Құрылтай депутаты Дания Еспаева журналистердің пленарлық отырысты баспасөз орталығынан бақылауына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, регламент бойынша Құрылтайдың барлық отырысы ашық өтуге тиіс және бұл талап өзгерген жоқ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    «Біріншіден, бұл сіздердің жұмыс істеулеріңізге қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынды. Бүгін журналистер үшін арнайы үлкен кабинет бөлініп, жұмыс орындары жабдықталды. Меніңше, мұны тек құптау керек», – деді депутат.

    Еспаева Құрылтайдың жоғары заң шығарушы орган екенін атап өтіп, журналистер пленарлық отырысқа келген кезде негізгі назар сол күні қаралатын заң жобаларына аударылуы керек деген пікір айтты.

    Оның сөзінше, мұндай форматтың мақсаты – Құрылтайда қабылданып жатқан заңдар туралы халыққа барынша толық ақпарат жеткізу. Депутат өңірлерге барған кезде тұрғындарға партия бағдарламасынан бөлек, Құрылтайда қабылданған заңдарды да түсіндіруге тура келгенін айтты. Осыған байланысты ол азаматтардың қабылданып жатқан заңдар туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуы маңызды екенін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →