Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зеленский мінген ұшаққа ресейлік дрон қауіп төндірген БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті «Қазіргі жұмысым-осы!»: Сәкен Майғазиев немере бағып жүргенін айтты (ВИДЕО) Қазгидромет: 10 қыркүйекте бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін Елена Рыбакина US Open жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанды Солтүстік Қазақстанда полиция талабына бағынбаған көлік өртеніп кетті Зеленский мінген ұшаққа ресейлік дрон қауіп төндірген БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті «Қазіргі жұмысым-осы!»: Сәкен Майғазиев немере бағып жүргенін айтты (ВИДЕО) Қазгидромет: 10 қыркүйекте бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін Елена Рыбакина US Open жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанды Солтүстік Қазақстанда полиция талабына бағынбаған көлік өртеніп кетті

    БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті

    БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті

    Фото: istockphoto.com

    Батыс Қазақстан облысында мас жүргізуші жоғары жылдамдықпен екі әйелді қағып, жол апаты болған жерден қашып кеткен. Зардап шеккендердің бірі қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

    Жол апаты 8 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында Круглоозерное ауылында болған. Lada Priora жүргізушісі жол жиегімен келе жатқан екі әйелді қағып, жылдамдығын бәсеңдетпестен оқиға орнынан кетіп қалған.

    Зардап шеккендердің бірін аман алып қалу мүмкін болмады. Екінші әйел жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

    Полицейлер жүргізушіні анықтап, ұстады. Медициналық куәландыру оның жол апаты кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Күдікті қамауға алынды.

    Қолда бар ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер – анасы мен қызы. Расталмаған мәлімет бойынша, қаза тапқан әйел 31 жаста болған, ал оның анасы ауруханада жатыр.

    Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →