Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте көршілер арасындағы жанжал 65 жастағы ер адамның өліміне әкелді Тұрғындардың 68 пайызы елді мекендердегі жағдай жақсарғанын айтады Пәкістанда туған күнінде атып өлтірілген TikTok жұлдызы: күдікті ұсталды Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Шымкентте көршілер арасындағы жанжал 65 жастағы ер адамның өліміне әкелді Тұрғындардың 68 пайызы елді мекендердегі жағдай жақсарғанын айтады Пәкістанда туған күнінде атып өлтірілген TikTok жұлдызы: күдікті ұсталды Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды

    Тұрғындардың 68 пайызы елді мекендердегі жағдай жақсарғанын айтады

    Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығының зерттеуіне сәйкес, тұрғындардың 68 пайызы елді мекендердегі жағдайдың жақсарғанын айтқан. Сауалнама нәтижелері жолдар, абаттандыру және инфрақұрылым салаларындағы оң өзгерістерді көрсетеді.

    Тұрғындардың 68 пайызы елді мекендердегі жағдай жақсарғанын айтады

    Фото: primeminister.kz

    Еліміздегі тұрғындардың басым бөлігі елді мекендердің дамуын оң бағалайды. Назарбаев Университетінің жанындағы Ұлттық талдау орталығы жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, сауалнамаға қатысқандардың 68 пайызы соңғы үш жылда өз елді мекеніндегі ахуал жақсарғанын атап өткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сонымен қатар, респонденттердің 82 пайызы қазіргі өмір сүру жағдайына қанағаттанатынын білдірсе, 68 пайызы алдағы үш жылда да жағдай одан әрі жақсарады деген үмітте.

    Ұлттық талдау орталығы жанындағы Мемлекеттік саясат орталығының бас зерттеушісі Роза Тілеуханның пікірінше, бұл сауалнама халықтың инфрақұрылымдық өзгерістерді күнделікті өмірде нақты сезінетінін көрсетеді. Ол адамдардың өзгерістерді байқап, олардың оң нәтижесін бағалайтынын, сондай-ақ бұл үрдістің алда да жалғасуын күтетінін айтады. Сарапшы халықтың одан әрі дамуға деген тұрақты сұранысы бар екенін де атап өтті.

    Тұрғындар елді мекендердегі өзгерістерді ең алдымен жолдардың жай-күйінен, абаттандыру жұмыстарынан, саябақтар мен көгалдандырудан байқаған. Осы бағыттар алдағы уақытта да халық үшін басымдыққа ие болып қалмақ. Сонымен қатар, респонденттер медициналық инфрақұрылымды, интернет пен мобильді байланысты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту қажеттігін де алға тартқан.

    Айта кетейік, сауалнама биылғы шілде-тамыз айларында телефон арқылы жүргізілген. Оған еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан 1000 тұрғын қатысқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →