Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды ШҚО-да әкімнің орынбасары тағайындалды «Өртсөндіргіштің іші бос болған»: Ақтөбедегі газ бекетінде ана мен екі қыздың өліміне қатысты сұмдық дерек айтылды Көкшетауда 19 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады «Көрші қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды ШҚО-да әкімнің орынбасары тағайындалды «Өртсөндіргіштің іші бос болған»: Ақтөбедегі газ бекетінде ана мен екі қыздың өліміне қатысты сұмдық дерек айтылды Көкшетауда 19 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды

    Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады

    Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады

    Жезқазғанда «Қазақмыс» Тобында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған «Батыл көшбасшылық» бағдарламасы бойынша аймақтық семинар өтті. Іс-шараға компанияның өндірістік кәсіпорындары мен бөлімшелерінен келген ондаған басшы қатысты. Жиында басшылардың жеке жауапкершілігіне, тәуекелдерді басқаруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің практикалық құралдарына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл семинар – «Қазақмыс» Тобында Қауіпсіздік жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның екінші іс-шарасы. Бағдарламаның негізінде жеке көшбасшылық қағидаты жатыр. Ол басшының өндірістік нысанда тұрақты болуын, жұмыскерлермен ашық диалог орнатуын, тәуекелді дер кезінде анықтап, жеке үлгі көрсетуін көздейді.

    Практикалық интенсив барысында қатысушылар жұмыс орындарындағы тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алуға қатысты нақты өндірістік жағдайларды қарастырды. Сондай-ақ басқарушылық шешімнің жұмыскердің мінез-құлқына және қауіпсіздік талабының сақталуына ықпалы талқыланды.

    Практикалық бөлімнің қорытындысы бойынша әр қатысушы өз бөлімшесі үшін екі-үш жеке міндеттеме белгіледі. Олардың қатарында өндірістік нысандарда тұрақты болу, жұмыскерлермен өзара іс-қимылды күшейту және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге атсалысу талабы бар.

    Сонымен қатар басшылар қабылданған міндеттемені өндірістік алаңдағы нақты іс-шараға айналдыруға және оның тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін үш айлық іс-қимыл жоспарын әзірледі.

    Жезқазғандағы семинар өндірістік қауіпсіздік мәселесінде басшылардың көшбасшылығы мен жауапкершілігіне бірыңғай тәсілді кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Батыл көшбасшылық» бағдарламасының кезекті кезеңі болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →