Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды •

    «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды

    «14,7 млрд теңгеге салынған жолды құм басып қалды»: Атырауда жаңа трасса тағы сынға қалды

    Фото: ашық дереккөз

    Атырау облысында Миялы мен Тайсойған ауылдарын жалғайтын жаңа тас жолды бархан құмы қайта басып қалды.

    Ұзындығы 45,8 шақырым болатын жолдың құрылысы 2023 жылдың күзінде басталған, жоба құны бастапқыда 14,7 млрд теңге деп көрсетілген. Жергілікті жұрт үшін бұл жол маңызды: бұрын аудан орталығына жетуге 2-3 сағат кетсе, жаңа жол қатынас уақытын шамамен 40 минутқа дейін қысқартуы тиіс еді.
    Алайда жел көтерілген сайын Тайсойған құмы асфальтқа үйіліп, кей тұста жолдың едәуір бөлігін жауып қалып отыр.

    Енді миллиардтаған теңгеге салынған жолды жобалау кезінде көшпелі құм қаупі қаншалықты ескерілді және оны барханнан қорғайтын қандай шара қарастырылды деген сұрақ туындайды; биылғы ресми жоспарда да «Миялы–Тайсойған» жолын құмнан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жеке міндет ретінде көрсетілген.
    Айта кетейік, бұған дейін облыстық жол басқармасы 46 шақырымға жуық жолдағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланғанын хабарлаған.

    Видео: halyqstan.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →