Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

— 4 қыркүйекте ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында орналасқан әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттері туралы мерзімді әскери қызметші Е. Досымбеттің өтініші негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жәбірленушінің барлық уәждері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында толық көлемде тексеріліп, әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасып жатыр және бақылауға алынған. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Іске қатысты өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды,.

Ал Ұлттық ұлан өкілдерінің сөзінше, сарбаз таяқ жемеген болуы мүмкін. 17 жаста үйленіп, алты айдан кейін ажырасып кеткен. Ұлттық ұланға келгенде психологиялық тест тапсырған. Тест тапсыру кезінде өзі шындықты жасырып, монипуляциялауға әрекет еткен.

Фото: ашық дереккөз