Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті •

    Бибісара Асаубаева Үндістанда сәтсіздіктен көз ашпады

    Бибісара Асаубаева Үндістанда сәтсіздіктен көз ашпады
    Фото: ФИДЕ

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League командалық турниріндегі алғашқы алты партиясында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

    FYERS American Gambits командасының намысын қорғайтын отандасымыз төрт кездесуді тең аяқтап, екі рет жеңіліс тапты.

    Асаубаева жарысты Екатерина Лагно және Чжу Цзиньэрмен болған тең нәтижелерден бастады. Кейін Полина Шуваловаға есе жіберіп, Дивья Дешмухпен ұпай бөлісті.

    Қазақстандық гроссмейстер 8 қыркүйекте тағы екі партия өткізді. Алдымен үндістандық Харика Дронаваллимен тең ойнаса, кешкі кездесуде Екатерина Лагноға жол берді. Осылайша, Асаубаева алты партиядан төрт ұпай жинады.

    Жеке жеңіске қол жеткізе алмағанына қарамастан, Бибісараның командасы турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде тұр. Алты матч өткізген FYERS American Gambits үш рет жеңіп, үш рет жеңіліп, тоғыз командалық ұпай жинады. Қосымша көрсеткіш бойынша команда бірінші орында келеді. Алайда тоғыз ұпайы бар бірнеше қарсыласының бір матчтан кем өткізгенін ескеру қажет.

    Tech Mahindra Global Chess League – ерлер мен әйелдер аралас құрамда өнер көрсететін командалық рапид жарысы. Турнирдің жалпы жүлде қоры бір миллион долларды құрайды. Бәсеке 13 қыркүйекте аяқталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →