Көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы күміс алды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді. Финалда қырғызстандық командаға 7:2 есебімен есе жіберді.
Сурет: Видеодан скриншот
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Финалдық кездесуде қазақстандықтар қырғызстандық командамен бақ сынады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ақтық сында есеп 7:2 көрсеткішімен қырғыздардың пайдасына шешілді. Айта кетейік, бұл ұлттық спорт түрінен барлығы жеті команда қатысты.
Бұған дейін Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да қазақтар мен қырғыздар финалда кездесіп, онда Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол кезде бұл нәтижеге қатысты түрлі пікірталастар туындаған болатын.
