Қазақстандық спортшылар Көшпенділер ойындарында 13 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші күнінде үш медаль еншіледі. Тоғызқұмалақтан төрт алтын, манғаладан екі алтын алды.
Фото: Instagram/ulttyqatsport.kz
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші күнінде Қазастан қоржынына үш медаль түсті. Зияткерлік спорт түрлерінен өткен жарыстар апта бойы жалғасты. Ресми бағдарлама бойынша тоғызқұмалақ ойындары 1 қыркүйекте басталса, манғала мен овари бәсекелеріне қатысушылар келесі күні іске қосылды. Барлық үш спорт түрі бойынша шешуші кезеңдер 6 қыркүйекте өтті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жалпы жүлделер үшін 53 мемлекеттен 332 спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы ең үздік нәтижені тоғызқұмалақтан көрсетіп, төрт алтын және екі күміс медаль иеленді. Ал манғала спортынан отандық спортшылар тағы бес жүлдеге қол жеткізді: екі алтын, екі күміс және бір қола.
Бұған дейін Қазақстанның көк бөрі құрамасы Көшпенділер ойындарында күміс медаль жеңіп алған еді.
