Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт •

    Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлаған күдікті ұсталды

    Астанада Бауыржан Байбектің 90 млн теңге тұратын сағаттарын ұрлаған күдікті ұсталды. Ол түпнұсқаларды көшірмелермен алмастырған.

    Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлаған күдікті ұсталды

    Фото: әлеуметтік желі

    Астанада Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке тиесілі құны шамамен 90 миллион теңге тұратын қымбат сағаттар ұрланған. Күдікті түпнұсқаларды алдын ала сатып алынған көшірмелермен алмастырып кеткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Полиция мәліметінше, ұрлық Байбек отбасы шетелде болған кезде жасалған. 31 жастағы Нұрболат есімді ер адам бұрынғы шенеуніктің көмекшісінің көмекшісі болып жұмыс істеген, сондықтан үйдегі заттардың орналасуын жақсы білген.

    Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті қызметтік көліктен алдын ала алған қосалқы кілт арқылы үйге кірген. Алайда қымбат сағаттарды бірден алып кетпей, олардың орнына көшірмелерін қалдырған.

    Ол Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne маркаларының көшірмелерін алдын ала сатып алып, үйдегі түпнұсқа сағаттарды солармен алмастырған.

    Үй иелері шетелден оралған соң сағаттардың түпнұсқа емес екенін байқап, полицияға хабарлаған.

    Күдікті ұсталып, қылмысын мойындаған. Ол сондай-ақ ұрланған сағаттарды сатып алған адамның аты-жөнін құқық қорғау органдарына айтқан.

    Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →