Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Бағдат Сабаз әлем чемпионатын жеңіспен бастады • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып қаза тапты • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр •

    Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді

    Ақтөбеде анасын пышақтап өлтірген 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Ол мәжбүрлі емделуге жіберілді, себебі оған шизофрения диагнозы қойылған.

    Ақтөбеде анасын пышақтаған жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілді

    Сурет: istockphoto

    Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімнің анасын өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Қылмыс жасаған бала түрмеге емес, мәжбүрлі емделуге жіберілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сот процесінде он ай бойы жүргізілген сараптама нәтижесінде жасөспірімнің психикалық ауруы бар екені анықталды. Оған «шизофрения» диагнозы қойылды. Қазір ол Талғардағы психиатриялық ауруханада ем алып жатқандықтан, үкімді өзі естіген жоқ.

    Қанды оқиға былтыр жаңа жыл қарсаңында болған. Жасөспірім үйде 41 жастағы анасымен сөйлеспек болып, әңгіме барысында жанжал шыққан. Ашуға булыққан бала пышақ алып, анасына бірнеше рет соққы жасап, қазаға ұшыратқан. Оқиғаға куә болған 73 жастағы әжесі араша түсуге тырысқанда, ол да пышақ жарақатын алған. Әжей ауруханада емделіп, аман қалған.

    Жасөспірімнің мұндай қылмысқа баратынын ешкім күтпеген. Ол сабақты жақсы оқып, олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. Ашушаңдығы мен мінезіндегі өзгерістерді жақындары еркелік пен өтпелі кезеңге балаған.

    Сот барысында бірнеше медициналық сараптама жүргізілген. Мамандар оның созылмалы психикалық ауруы қоғамға қауіпті деген қорытындыға келген. Судья мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды жөн деп шешті.

    «Интенсивті бақылайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханада мәжбүрлеу емі тағайындалсын. Зейнелғабидинге қолданылған психикалық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Сот сараптамаларына жұмсалған 1 147 523 теңге процестік шығын мемлекет есебінен қалдырылсын», — деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алтынбек Сабыров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →