Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады • «Қияметте жауап бересіңдер!»: шыдамы таусылған әнші Ердос Қанаев ашуға мінді • Berlin Today сарапшылары: Экономикалық өсім Қазақстанның Орталық Азиядағы позициясын соңғы жеті жылда нығайтты • Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері жайлы жазды • Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады • «Қияметте жауап бересіңдер!»: шыдамы таусылған әнші Ердос Қанаев ашуға мінді • Berlin Today сарапшылары: Экономикалық өсім Қазақстанның Орталық Азиядағы позициясын соңғы жеті жылда нығайтты • Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері жайлы жазды • Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды •

    Қостанайлық ер адам әйелін аяусыз пышақтаған

    Қостанайда бейнебақылау камераларының көмегімен үй ауласында жұбайын пышақпен бірнеше рет жарақаттаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today Polisia.kz-ке  сілтеме жасап.

    16 маусымда «102» пультіне Қостанай қаласы аудандарының бірінің ауласында 47 жастағы ер адам мас күйінде болған жанжал кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті.

    Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның белгісіз бағытта, көлікпен қашып кеткендігін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады.

    Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында «Ұстап алу» жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды.

    Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойсұлу Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді.

    Полицейлердің келісілген әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды.

    Қазіргі уақытта, 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды. Қостанай облысы ПД осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлайды.

    Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →