Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атыраудағы кісі өлтіру ісі бойынша үкім заңды күшіне енді

    Атырауда бір отбасын өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты үкімге ешкім шағым түсірмегендіктен, ол заңды күшіне енді.

    Атыраудағы кісі өлтіру ісі бойынша үкім заңды күшіне енді

    Атырауда бір отбасын қастандықпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша апелляциялық шағым түспеген. Сот процесіне қатысушы тараптардың ешқайсысы үкімге дау айтпаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Атышұлы іс бойынша мемлекеттік айыптаушы да, жәбірленушілер де, сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев пен оның қорғаушысы да бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымданбаған.

    Осылайша, 14 шілдеде шығарылған үкім заңды күшіне енген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →