Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атыраудағы Дүйсәлиевтер әулеті тазы баптау дәстүрін жалғастыруда

    Атыраулық Дүйсәлиевтер әулеті тазы баптау дәстүрін 50 жылдан бері жалғастырып келеді. Ұлы мен немересі ата дәстүрін сақтап, аңшылық құпияларын үйренуде.

    Атыраудағы Дүйсәлиевтер әулеті тазы баптау дәстүрін жалғастыруда

    Сурет: Видеодан скриншот

    Қазақы тазы мен төбет күнінің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жеті қазынаның бірі саналатын тұқымды сақтау және оны кеңінен насихаттау. Атыраулық Дүйсәлиевтер әулеті 50 жылдан бері тазы асырап, ұрпақтар сабақтастығын жалғап келеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әнуар Дүйсәлиев – атадан қалған аманатты арқалап жүрген азаматтардың бірі. Оның атасы да, әкесі де тазы асырап, саятшылық құрған. Ұрпақ сабақтастығына ұласқан сара жолды бүгінде ұлы мен немересі жалғапты. Асыл тұқымды иттер отбасының ажырамас серігіне айналған. Саят кезінде тазылары шибөрі де алған екен. Осылайша Дүйсәлиевтер әулетіндегі тазы баптау дәстүрі жарты ғасырдан астам уақыт бойы үзілмей келеді.

    «Атам, әкем тазы ұстаған, одан кейін маған, менен Қамбар балам жалғастырып келеді. 100 жылдық тарихы бар, ашаршылық кезінде бір тазы бір ауылды асыраған. Болашақта тазыны дамытамыз, ол – ұлттық құндылығымыз», — деді қала тұрғыны Әнуар Дүйсәлиев.

    Бүгінде 9 жастағы Әділжан да тазы баптауды үйреніп жүр. Ол сабақтан тыс уақытта атасы мен әкесіне көмектеседі. Аңшылыққа да бірге шығады. Ерекше жақсы көретін иттеріне Түйгін, Ханшайым, Аңыз, Арлан деп ат қойған.

    «Аңшылық ұнайды. Күнде әкем, атама еріп, аң аулауға барамыз, аңшы болғым келеді. Баяғы да бабаларымыз бір ауылды бір тазы итпен құтқарып қалған. Мен осы қарғы бауларды тағып үйрендім. Ең жақыны Семсер, оны күтіп, баптағанды ұнатамын. Ең үлкені – сол», — деді Ә. Дүйсәлиевтің немересі Әділжан Әнуар.

    Қазақ тазысы жүйрік, епті, шыдамды және еркіндікті жақсы көреді. Бойы шамамен 65-70 см, салмағы 20-25 келі болады. Төртаяқты жануар өте иісшіл әрі қырағы келеді. Соның арқасында қоян, түлкі, қасқырды қалт жібермейді. Әнуар Дүйсәлиевтың айтуынша, тазы жыртқыш мінезін тек аңшылықта ғана көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →