Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті

    Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген

    Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген. Жекеменшік клиникаға қатысты дау туындады.

    Қызылордада 2001 жылы қайтыс болған азамат 2023 жылдан бері емханаға тіркелген

    Сурет: kznews.kz

    Қызылордада бір тұрғын әкесінің 2001 жылы қайтыс болғанына қарамастан, 2023 жылдан бері жекеменшік емханаға тіркелгенін анықтап, дабыл қақты. Бұл жағдай желі қолданушысының жазбасы арқылы белгілі болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жазба авторының айтуынша, ол әкесінің деректерін тексеру барысында «ДостарМедLine» клиникасына 2023 жылдан бастап тіркелгенін көрген. Мән-жайды анықтау үшін емханаға барғанда, қызметкерлер азаматтың «еркін тіркелу науқаны» кезінде тіркелгенін, алайда 2023 жылдан бері медициналық ұйымға келмегенін түсіндірген.

    Марқұмның баласы әкесінің 2001 жылы қайтыс болғанын айтып, оның 2023 жылы емханаға қалай тіркеліп, өтініш бере алғанына таңданысын білдірді. Ол: «Масқара! 2001 жылы қайтыс болған әкем 2023 жылдан бері емханада «тіркеуде» тұр! Жуырда тексерсем, Қызылорда қаласындағы «ДостарМедLine» жекеменшік клиникасы әкемнің атына ашылған ЖСН-ді тауып алып, оны 2023 жылдан бастап өз емханаларына заңсыз тіркеп қойған! Емханаға барып сұрасам, «Бұл еркін тіркелу науқанымен тіркелген. Бірақ 2023 жылдан бері емханаға келмеген» деп түсіндірді. 2001 жылы бақилық болған адам 2023 жылы қалай өз еркімен өтініш беріп, қол қояды?!», — деп жазды.

    Оқиғаға қатысты «ДостарМедLine» клиникасы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Жазба авторы бұл жағдайға байланысты құзырлы органдардан жауап күтетінін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →