«Бернли» мен «Мидлсбро» тең түсті, Сәтпаев үздік атанды
Чемпионшиптің төртінші турында «Бернли» мен «Мидлсбро» тең ойнады (1:1). Дастан Сәтпаев 80 минут өнер көрсетіп, үздік ойыншы атанды.
Сурет: Әлеуметтік желіден
Англия чемпионатының екінші деңгейлі лигасы — Чемпионшиптің төртінші турында «Бернли» өз алаңында «Мидлсброны» қабылдап, матч 1:1 есебімен аяқталды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бернлидегі «Терф Мур» стадионында өткен кездесуде қонақтар 23-минутта Эйден Морристің голымен есеп ашты. Алайда екінші таймның 54-минутында Юго Рагубер «Бернли» сапынан жауап гол соғып, есепті теңестірді.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев бұл матчты негізгі құрамда бастап, 80 минут бойы алаңда болды. Ол ойыннан шыққанда жанкүйерлер қошемет көрсетті.
Сәтпаев кездесуде қақпаға екі рет соққы бағыттап, 18 пас берді, оның 17-сі дәл болды. Матч қорытындысы бойынша ол «Бернли» құрамындағы үздік ойыншы деп танылды.
