Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды Екі ай өтпей қабырғасын қайта бұзды: тұрғын BI Group үйінің сапасына шағымданды Ұлдана Мырзуан қазасы: сотта тұрғындар біраз былықтың барын айтты «Ауырма, братан»: Қайрат Нұртас сырқаттанып қалған Кенжебекпен әзілдесті Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды Екі ай өтпей қабырғасын қайта бұзды: тұрғын BI Group үйінің сапасына шағымданды Ұлдана Мырзуан қазасы: сотта тұрғындар біраз былықтың барын айтты «Ауырма, братан»: Қайрат Нұртас сырқаттанып қалған Кенжебекпен әзілдесті Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен

    Ұлдана Мырзуан қазасы: сотта тұрғындар біраз былықтың барын айтты

    Ұлдана Мырзуан қазасы: сотта тұрғындар біраз былықтың барын айтты

    Фото: видеодан скрин

    Фельдшер Ұлдана Мырзуан қаза болған үйдің тұрғындары сотта үйдің жағдайы мен ПИК жұмысы туралы жауап беріп жатыр. Куәгер Марина Самсонованың сөзінше, тұрғындар 2017 жылы жүргізілген техникалық тексеру нәтижесін тек қайғылы оқиғадан кейін естіген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. 

    Куәгердің айтуынша, қасбет құлағанша тұрғындар арасында үйді жөндеу қажеттілігі немесе оның техникалық жағдайы талқыланбаған. Ал 2017 жылы жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы туралы ол фельдшер өлімінен кейін ғана естіген.

    Тексеру қорытындысымен танысқан соң тұрғындар жағдайды үй чатында талқылап, мемлекеттік органдарға жүгінген.

    — Біз бірден хат жолдадық. 33-пәтерде тұратын бір тұрғын бар, ол үйде болып жатқан жағдай туралы үнемі басқа тұрғындарға ақпарат беріп отырады. Оны үйлестіруші деуге болады. Қай мекемеге және нақты қайда жүгіну керегін айтып отырады, — деді куәгер.

    Оның айтуынша, сараптамалық материалдарда көрсетілген ақаулардың бар екенін де осыдан кейін білген.

    Марина Самсонова прокурор сұрақтарына жауап беріп, айыпталушы Сәуле Жұбаниязова ПИК төрағасы болып сайланған соң, қалай жұмыс істегенін айтып берді.

    Куәгердің айтуынша, Сәуле Жұбаниязова электрикпен бірге кіреберістердегі электр қалқандарының жағдайын бақылаған. Сонымен қатар, қар тазалау жұмыстарын ұйымдастырған.

    Атап айтқанда, қыс мезгілінде ол Марина Самсонованың күйеуі және ұлымен бірге үйдің шатырындағы қарды өзі тазалаған. Лифт шахтасы маңынан су аққандықтан, қарды тазалауға тура келген.

    — Лифт шахтасына су ақты. Сондықтан лифт мамандары бірнеше күн бойы бәрі кепкенше тоғызыншы қабатқа жаяу көтерілуге тура келетінін айтты. Бұған жол бермеу үшін шатырдағы қарды түсіру керек болды, — деп түсіндірді Марина Самсонова.

    Қорғаушы адвокат Марина Самсоновадан қасбет құлағанша қабырғадағы жарықтарды, түсіп жатқан кірпіштерді немесе қасбеттің өзге де зақымдарын байқаған-байқамағанын сұрады.

    Куәгер мұндай жайттарға назар аудармағанын және үйдің апатты жағдайда болғанын білдіретін белгілерді көрмегенін айтты.

    Қасбет құлаған соң ғана тұрғындар үйдің жағдайын белсендірек талқылай бастаған. Қазір олар қауіпті аумақты өздері қызыл лентамен қоршап, қазақ және орыс тілдерінде ескерту тақтайшаларын орнатқан.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →