Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

    Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін 23 мың азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қарулы күштер, Ұлттық ұлан және басқа да құрылымдарға бөлу жоспары белгілі.

    Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

    2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы, мерзімді әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ шамамен 23 мың ер азамат әскер қатарына шақырылады. Бұл туралы сәрсенбіде таратқан мәлімдемеде айтылған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Атап айтқанда, 12 мыңнан астам адам Қарулы күштер қатарын толықтырса, 7 мыңы Ұлттық ұланға, 3 мыңы ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ден астамы Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі.

    Президент жарлығына сәйкес, елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Осы науқан аясында қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.

    Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, «Цифрлық әскерге шақыру» жүйесі мен «Smart военкомат» жобасының арқасында әскерге шақыру және әскери есеп саласындағы қызметтердің көпшілігі проактивті форматта көрсетіледі.

    Атап айтқанда, тұрғылықты жері ауысқан кезде азаматтарды әскери есепке қою, 17 жастағы жігіттерді тіркеу, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдыру мен босатуды рәсімдеу процестері автоматтандырылған. Әскери есепке қатысты барлық мәліметтер азаматтарға eGov порталындағы жеке кабинетте қолжетімді.

    Ведомство мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру шаралары туралы да мәлімдеді. Әскери-есептік мамандықтан бөлек, сарбаздар еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын тегін меңгере алады. Барлығы 20-ға жуық мамандық қарастырылған, оның ішінде жүргізуші, байланыс маманы, парамедик және экскаваторшы бар.

    Сонымен қатар, әскери қызметшілерге қызмет мерзімі ішінде несие төлемдерін кейінге қалдыру, сондай-ақ ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім грантымен жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.

    Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ведомство әскери қызметті ұйымдастыру сапасын арттыру, цифрлық сервистерді дамыту және әскери қызметшілердің ата-аналарымен байланысты нығайту бойынша жобаларды жалғастыруда.

    Әсіресе, қызмет өткеру қауіпсіздігіне, Қарулы күштердің ашықтығына және әскери қызметшілерге заманауи әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға ерекше назар аударылады.

    Ведомство деректеріне сүйенсек, мерзімді әскери қызмет елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Дайындалған әскери қызметшілер мемлекеттің мобилизациялық резервін құрайды, ал қызмет тәртіптілікке, жауапкершілікке, көшбасшылық қасиеттерге және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →