Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті •

    «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды

    «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды

    Ұлытау ауданындағы Жыланды ауылына апаратын жолдың шұрық-тесік күйі жүргізушілердің наразылығын туғызды.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода жолдың кей тұсы ойылып, көлікке зақым келтіретіндей терең шұңқырлар пайда болғаны көрінеді. Видео авторы бұл жолмен ауыр жүк көліктері жиі жүретінін айтып, «төлеген салығымыз босқа кетті» деп жауапты мекемелерге наразылығын білдірген.

    Ресми құжат бойынша Жыланды ауылына кіреберістегі аудандық маңызы бар жолдың ұзындығы 21,27 шақырым, ал 2026 жылғы бюджетте оны орташа жөндеуге 207 млн 857 мың теңге қарастырылған.
    Енді тұрғындар үшін басты сұрақ — қыруар қаржы бөлінген жол қашан қалыпқа келеді және оның бүгінгі жағдайына кім жауап береді?Жолдың бұзылуына ауыр жүк көліктері себеп болды деген пікір айтылғанымен, бұл ақпаратқа әзірге ресми органдардың нақты түсініктемесі қажет.

    Фото және видео: @dauletadylkhan

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →