Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды •

    Әділет министрлігі некені ұзарту туралы жалған ақпаратты жоққа шығарды

    Әділет министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан некені ұзарту туралы жалған ақпаратты жоққа шығарып, азаматтарды алаяқтарға сенбеуге шақырды.

    Әділет министрлігі некені ұзарту туралы жалған ақпаратты жоққа шығарды

    Сурет: istockphoto

    Әлеуметтік желілерде некені ұзарту қажеттігі туралы алаяқтық сипаттағы жалған хабарлама таралуда. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, Қазақстанның неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет қана тіркеледі және оның қолданылу мерзімі шектелмеген. Сондықтан некені қайта тіркеу немесе оның мерзімін ұзарту қажеттілігі жоқ.

    Талғат Уәли: «Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ заңда көзделген басқа жағдайларда да неке тоқтатылады. Неке тек тіркеуші орган арқылы немесе сот тәртібімен бұзылады», — деп түсіндірді.

    Осыған байланысты Әділет министрлігі азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, ондағы сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →