Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті •

    БҚО тұрғыны туысын пышақтап өлтіріп, мәйітті қоқыс шұңқырына көмген

    БҚО тұрғыны туысын пышақтап өлтіріп, мәйітті қоқыс шұңқырына көмген. Сот ісі қаралуда.

    БҚО тұрғыны туысын пышақтап өлтіріп, мәйітті қоқыс шұңқырына көмген

    Фото: freepik.com

    Батыс Қазақстан облысының тұрғыны ішімдік ішіп отырып, туысын аяусыз пышақтап өлтірген. Бұл туралы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап, Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жәнібек ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша, яғни адам өлтіру бабы бойынша айыпталуда.

    Айыптау актісінде көрсетілгендей, қайғылы оқиға алкоголь ішкен кезде орын алған. Ер адам мен оның туысы арасында жанжал шығып, нәтижесінде ер адам үстел үстіндегі асүй пышағын алып, туысына кемінде 15 рет соққы жасаған. Оның екеуі мойын тұсына, біреуі бетіне, ал қалған 12-сі кеуде және іш тұсына тиген. Сонымен қатар, ол жәбірленушінің басынан, жақ сүйегінен және қабырғасынан жұдырығымен және шынтағымен ұрған.

    Алған жарақаттары салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған. Қылмысын жасыру мақсатында айыпталушы мәйітті үйінің артына апарып, қоқыс шұңқырына көміп тастаған.

    Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Асхат Тілеулиев қылмыстың аса қатыгездікпен жасалғанын атап өтті. Ол жарақаттардың сипаты мен орналасуына, яғни соққылардың өмірлік маңызы бар ағзаларға жасалғанына, сондай-ақ мәйітті жасыру әрекетіне назар аударды.

    Сот талқылауы әлі жалғасуда. Заң бойынша, сотталушының кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →