Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды ШҚО-да шұрық тесік жол: әкімдік халықтың қамын ойламауды ұмытқан «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады Мейрамбек Беспаев сурет сала алатынын көрсетіп, елді таңғалдырды (ВИДЕО) Қазақстанның үш аймағында тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі Қазақстандық жеңіл атлеттер Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды ШҚО-да шұрық тесік жол: әкімдік халықтың қамын ойламауды ұмытқан «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін жариялады Мейрамбек Беспаев сурет сала алатынын көрсетіп, елді таңғалдырды (ВИДЕО) Қазақстанның үш аймағында тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі Қазақстандық жеңіл атлеттер Орталық Азия чемпионатында 26 медаль жеңіп алды

    ШҚО-да шұрық тесік жол: әкімдік халықтың қамын ойламауды ұмытқан

    ШҚО-да шұрық тесік жол: әкімдік халықтың қамын ойламауды ұмытқан

    Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Байтоғас ауылы маңындағы ойлы-қырлы жол жүргізушілердің наразылығын туғызды.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода жолдың тегіс емес, көлік қозғалысына қолайсыз күйге түскені анық көрінеді. Былтыр аудан әкімдігі Қарсақбай – Байтоғас бағытындағы жолға жөндеу жүргізілгенін хабарлаған, алайда кадрдағы қазіргі жағдай жол сапасына қатысты сұрақты қайта көтеріп отыр.

    Бұған қоса, ШҚО әкімдігінің жол жөндеу жоспарында Қарсақбай – Байтоғас бағытындағы 5 шақырым учаскені жөндеу 2027–2028 жылдарға белгіленген. Жолдың бүгінгі жағдайын ескерсек, тұрғындар тағы бірнеше жыл күтуі керек пе, әлде әкімдік қауіпті әрі қолайсыз учаскені ертерек ретке келтіре ме деген заңды сұрақ туындайды. Өңір басшылығы инфрақұрылымды дамыту туралы есеп бергенде, ауыл арасындағы осындай жолдардың нақты жағдайы да назардан тыс қалмауы тиіс.

    Видео: yknews.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →