Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Риддерде кәмелетке толмаған қызына зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Сурет: kznews.kz

    Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында кәмелетке толмаған қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адамға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бейресми деректерге сүйенсек, заңға қайшы әрекеттер бірнеше жыл бойы жалғасқан болуы мүмкін. Болжам бойынша, оқиға қыз шамамен алты жаста болған кезде басталған. Қазір ол 13-14 жаста.

    Күдікті шілде айының басында ұсталған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері ер адамды жұмыс орнында ұстаған.

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

    – Кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомстводан.

    Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректерінің жария етілмеуіне байланысты өзге ақпаратты ашпады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →