Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды

    Мексикада балық аулауға шыққан екі ер адам кемесі суға батып кеткеннен кейін ашық теңізде бес күн бойы тоңазытқыш жәшіктің ішінде қалқып жүріп, аман қалды.

    Мексикалық балықшылар тоңазытқыш жәшікте 5 күн аман қалды

    Сурет: turkystan.kz

    Мексикада балық аулауға шыққан екі ер адам кемесі суға батып кеткеннен кейін ашық теңізде бес күн бойы тоңазытқыш жәшіктің ішінде қалқып жүріп, аман қалған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    53 және 32 жастағы балықшылар 14 тамызда із-түзсіз жоғалған. Олар белгіленген уақытта байланысқа шықпаған соң, жергілікті балықшылар кооперативі құтқару қызметіне хабар берген.

    Осыдан кейін Мексиканың әскери-теңіз күштері Тынық мұхиты жағалауында әуеден және судан іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған екі азамат Чьяпас штатының жағалауынан шамамен 24 шақырым қашықтықтан табылды.

    Кейін олардың қайығының суға батып кеткені анықталған. Аман қалудың жолын іздеген балықшылар балық сақтауға арналған үлкен тоңазытқыш жәшіктің ішіне кіріп үлгерген.

    Екеуі бес күн бойы ашық теңізде ағыспен қалқып жүрген. Осы уақыт ішінде олардың қасында ауыз су да, азық-түлік те болмаған.

    Құтқарушылар балықшыларды кемеге мінгізіп, портқа жеткізді. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін екеуі де отбасыларына оралған.

    «Осы бес күннен аман шығамыз деп ойламадық. Қолымыздан келгені – Құдайға сыйынып, көмек күту ғана болды», – дейді балықшылардың бірі.

    Екінші азамат та бастан өткерген жағдайдың өте ауыр болғанын айтып, мұндай сынақты ешкімнің басына тілемейтінін жеткізген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →