Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Сабина Алтынбекова Павлодардағы тренер оқиғасынан кейін жүйені қайта қарауды талап етті • Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Өскеменде Subaru Forester ағашқа соғылды: екі жолаушы зардап шекті • Павлодарда волейбол жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін ұрды •

    Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті

    Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті

    фото: depositphotos.com

    Үндістанның шығыс жағалауында жүк кемесі суға батып, 22 теңізші із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ocean Winner кемесінің бортында барлығы 24 экипаж мүшесі болған. Олардың екеуі – Қытай азаматтары құтқарылды. Панаманың туын желбіреткен кеме Үндістанның Парадип портынан 240 теңіз милі қашықтықта апатқа ұшыраған.

    Құтқарылған теңізшілердің айтуынша, Ocean Winner қатты қисайып, шамамен сегіз минут ішінде суға батып кеткен. Үндістанның жағалау күзеті мен әскери-теңіз күштері оқиға орнына бірнеше кеме жіберіп, іздеу-құтқару операциясын бастады.

    Оған басқа да мемлекеттік қызметтер тартылды. Хабар-ошарсыз кеткендердің арасында Қытайдың 18, Мьянманың үш және Бангладештің бір азаматы бар. Кемедегі екі Қытай азаматы аман-есен құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, Ocean Winner Қытайға темір кенін тасымалдаған.

    Кеме жұма күні Парадип портынан шығып, ашық теңізде суға батқан. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Үндістанның теңіз әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, алғашқы 12 сағаттан кейін тірі қалғандарды табу мүмкіндігі төмендейді. Соған қарамастан, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →