Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты •

    Абай облысында қаза тапқан қыздың анасы елден көмек сұрады

    Абай облысында қаза тапқан қыздың анасы елден көмек сұрады

    Фото: Видеодан скрин

    Әлеуметтік желілерде Абай облысының Бородулиха ауылында 13 шілдеде қаза болған 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованың анасының видеоүндеуі тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ол істің қоғам назарында болуын және күдіктінің әрекетіне заң аясында тиісті баға берілуін сұрады.

    Анасының айтуынша, Дильназ оның жалғыз баласы болған. Жас қызға шабуыл жасалып, бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол көз жұмған.

    Абай облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлады. Күдікті анықталып, ұсталып, кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Қазір тергеу аяқталып, процеске қатысушылар іс материалдарымен танысып жатыр. Полицияның мәліметінше, қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп, тараптардың, соның ішінде жәбірленуші жақтың уәждеріне құқықтық баға берілген.

    Ведомство күдіктінің әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот беретінін атап өтті. Жиналған дәлелдемелерді бағалау және қылмыстың саралануын анықтау да соттың құзыретіне жатады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →