Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды •

    Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт: келушілер эвакуациялануда

    Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт шығып, келушілер эвакуациялануда. Төтенше жағдайлар департаменті шақыртудың жоғары деңгейі расталмағанын хабарлады.

    Алматыдағы MEGA сауда орталығында өрт: келушілер эвакуациялануда

    Сурет: politico.kz

    Алматыдағы Розыбакиев көшесінде орналасқан MEGA сауда орталығында өрт шығып, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келіп, келушілерді эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, жерасты автотұрағында болған адамдар көліктерімен сыртқа шыға алмай қалған. Келушілер автотұрақтағы шлагбаумның жабық тұрғанына шағымданған.

    «MEGA-да өрт болып жатыр. Шлагбаумды ашудың орнына, 1000 теңгені жоғалтып аламыз деп отыр. Шығатын жерде көліктер кезекте тұр», – деп жазған келушілердің бірі.

    Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртке қатысты шақыртудың жоғары деңгейі расталмағанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →