Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты •

    Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда орталығында өрт дабылы іске қосылды

    Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда орталығында өрт дабылы іске қосылып, келушілер эвакуацияланды. ТЖД өрт дабылының себебін анықтады.

    Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда орталығында өрт дабылы іске қосылды

    Сурет: egemen.kz

    Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында өрт дабылы іске қосылып, келушілер ғимараттан жаппай эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желілерде А.Розыбақиев көшесіндегі сауда орталығынан адамдардың эвакуацияланғаны және оқиға орнына өрт сөндіру көліктерінің келгені түсірілген кадрлар тарады. Сауда орталығы әкімшілігінің хабарлауынша, ғимаратта автоматты өрт дабылы іске қосылған. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сауда орталығы жұмысын жалғастырып жатыр.

    «Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті де шақырту бойынша жоғары деңгейлі қауіп расталмағанын мәлімдеді. Оқиға орнынан ашық жалын анықталмаған. Кейін Алматы қаласы ТЖД өрт дабылының іске қосылуына қысқа тұйықталу себеп болғанын нақтылады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысындағы Орлов кенішінде өрт шығып, жұмысшылар шұғыл эвакуацияланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →