Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 27 қараша 2026 $ 458,3↓€ 503,1↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапханалар ашылады • Тоқаев: Қазақстан мен Президент ретінде оқуын қалаған елінде жалғастыруыңа жан-жақты көмектесемін • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? • Тоқаев: Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапханалар ашылады • Тоқаев: Қазақстан мен Президент ретінде оқуын қалаған елінде жалғастыруыңа жан-жақты көмектесемін • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? •

    Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

    Елена Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Тейлор Таунсендті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы — Магдалена Френх.

    Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында сәтті өнер көрсетті. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда босатылып, 1/32 финалда WTA рейтингінің 94-сатысындағы америкалық Тейлор Таунсендпен кездесті. Матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.

    Корттағы бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бір қос қателік жіберді, ал төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Келесі айналымда ол Польша өкілі Магдалена Френхпен (WTA №41) кездеседі. Френх өз кезегінде латвиялық Елена Остапенконы (WTA №30) турнирден шығарды.

    Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еді. Биыл ол 390 рейтингтік ұпайын қорғауы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →