«Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды
Фото: Видеодан скрин
Музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова Алматыдағы Канье Уэстің концертінің кейінге шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Продюсер концертке қатыса алмайтынынын, қалада болмайтынын айтты. Ал сатып алынған билеттер қайтарылмайды деді.
«Ертеңге ауыстыра салды. Кешірім де сұрамады. Ертең келіңдер деді. Менің билетім 850 мың теңге. Ал ертең ұшуым керек, қатыса алмаймын. Ұйымдастырушылар не ойлағанын білмеймін. Мына бағағаның орындары осы, сары орындықтарды поролонмен қаптай салған», – деді продюсер.
