Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті

    Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты

    Алматыда білім беру саласының тамыз конференциясы өтіп, 2026-2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды. Әкім Дархан Сатыбалды қатысқан іс-шарада білім сапасын арттыру, цифрлық дағдыларды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды.

    Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты

    Алматыда педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Іс-шара «Алматы – білім мен инновация орталығы: жаңа халықтық конституция құндылықтары негізінде адами капиталды дамыту» тақырыбына арналды. Республика сарайында өткен жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жиын барысында 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру жүйесінің негізгі бағыттары белгіленді. Атап айтқанда, оқушылардың білім сапасын арттыру, цифрлық дағдыларын дамыту, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу, сондай-ақ «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.

    Дархан Сатыбалды өз сөзінде білім саласындағы мүмкіндіктерді нақты нәтижеге айналдыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мектеп жұмысының тиімділігі басты рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің өңірлік жоспары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Almaty Digital Mektebi» бірыңғай қалалық цифрлық платформасы кезең-кезеңімен іске қосылуда. Қаладағы барлық мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, ал білім беру үдерісіне қатысатын 200 мыңнан астам адам жасанды интеллект құралдарын пайдаланады. Жаңа оқу жылында педагогтердің AI-құзыреттерін арттыру, 60 пәндік кабинетті жабдықтау және бейінді зертханаларды дамыту жұмыстары жалғасады.

    Конференцияда мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. 2027–2030 жылдары Алматы әкімінің гранттарын аса сұранысқа ие педагогикалық бағыттар бойынша бөлу жоспарланған. Оқу орнын бітірген түлектер кейін қала мектептеріне жұмысқа орналастырылады.

    Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 40 мыңға жуық орынға арналған 37 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылының басына дейін 8 жаңа мектеп пен 3 жаңа корпус ашылып, 11 950 оқушы орны құрылады.

    Алматы білім сапасы бойынша жоғары көрсеткіштерін сақтап келеді. Қала оқушылары 24 жыл қатарынан еліміздің үздік олимпиадалық командасы атанып отыр. 2026 жылы сегіз оқушы халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері атанды. Педагогтер де жоғары нәтиже көрсетіп келеді: Алматының жеті мұғалімі «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпазы атанса, №95 мектеп-лицейінің мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize нұсқасы бойынша әлемнің үздік 50 педагогінің қатарына енді.

    Конференция аясында білім беру саласының үздік өкілдері марапатталды. Кәсіби шеберлігі, көпжылдық еңбегі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін педагогтерге Алматы әкімінің алғыс хаттары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары табысталды. Сондай-ақ, қаланың үздік білім беру ұйымдары анықталды: Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия үздік орта білім беру ұйымы деп танылып, қала әкімінің 68 млн теңге көлеміндегі грантына сертификат алды. Алматы технологиялық колледжі үздік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы деп танылып, оған да материалдық-техникалық базаны дамытуға және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге 68 млн теңге көлемінде грант бөлінді.

    Конференция қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер – оқушылардың білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету, мектеп басшыларының жауапкершілігін күшейту және білім беру ұйымдарына атаулы қолдау көрсету айқындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →