Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 27 қараша 2026 $ 458,3↓€ 503,1↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапханалар ашылады • Тоқаев: Қазақстан мен Президент ретінде оқуын қалаған елінде жалғастыруыңа жан-жақты көмектесемін • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? • Тоқаев: Астана мен Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапханалар ашылады • Тоқаев: Қазақстан мен Президент ретінде оқуын қалаған елінде жалғастыруыңа жан-жақты көмектесемін • Тоқаев: Интернет «қоқыс жәшігі» емес, өнімді еңбек кеңістігі болуы керек • Тоқаев: Технологиялық теңсіздіктің ушығуына жол бермеу керек • Тоқаев: Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажет • Көмір бар, жол жоқ: Ресей шектеуінен кейін Қазақстан экспортқа қандай балама таба алады? •

    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 финалында Ига Швентектен жеңілді

    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 финалында Ига Швентектен 2:6, 3:6 есебімен жеңілді. Қазақстандық теннисші алғаш рет финалға шыққан еді.

    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 финалында Ига Швентектен жеңілді

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы хард турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен өнер көрсеткен қазақстандық теннисші финалда әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездесті.

    Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 2:6, 3:6 есебімен жеңілуімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді.

    Айта кетейік, Рыбакина мансабында алғаш рет Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Бұған дейін оның бұл жарыстағы ең үздік нәтижесі ширек финал болатын. Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі қоржынына қосымша ұпай қосады.

    Елена Рыбакина келесі кезекте АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирде бақ сынайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →