Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді •

    Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді

    Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді

    Фото: Pixabay

    Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, оқиға 2026 жылғы наурызда болған. Ер адам бұрынғы жұбайымен қызғаныштан туындаған жанжал кезінде оны өлтіру мақсатында аңшылық карабиннен екі рет оқ атқан.

    Оқ әйелдің басы мен кеуде тұсына тиген. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

    Қылмыс жасағаннан кейін сотталушы оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін полицияға өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған.

    Сот отырысында прокурор сотталушыны 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленуші тарап оған ең жоғары жаза тағайындауды өтінді.

    Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Бұл жайттар жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

    – Сот ер адамды адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, моральдық зиянды өтеу туралы шешім шығарды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, – делінген сот таратқан хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →