Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді •

    Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

    Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

    Фото: pixabay.com

    Астанада жаттығу кезінде 9 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлағаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, жаттығу кезінде бала футбол қақпасына асылған. Сол сәтте қақпа құлап, баланы басып қалған. Бала жарақат алып, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    «Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бала жарақат алды, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деп мәлімдеді полиция.

    Еске салайық, оқиға 10 тамыз күні шамамен сағат 19:30-да Астанадағы Қазақстан футбол федерациясы орналасқан Футбол үйінің аумағындағы футбол алаңында болған. 2017 жылы туған бала зардап шекті. Деректерге сәйкес, жарақат алғаннан кейін бала жансақтау бөліміне жеткізілген.

    Кейін Қазақстан футбол федерациясы оқиғаның болғанын растады. Федерация мәліметінше, футбол алаңы жаттығу өткізу үшін жекеменшік футбол мектебіне жалға берілген.

    ҚФФ нысан мен жабдықтардың техникалық жағдайына қатысты ішкі тексеру бастағанын және құзырлы органдарға жәрдем көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →