Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады

    Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды

    Алматыда Changan кроссовері ағашқа ілініп, жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға 11 тамызда Алмалы ауданында болды.

    Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды

    Сурет: newtimes.kz

    Алматыдағы жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда қара кроссовердің жол жиегіндегі ағашқа ілініп қалғаны көрінеді. Бұл оқиға қаладағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аймақта болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Instagram-дағы almatynews_kaz парақшасының авторының айтуынша, кроссовер жолдың жүру бөлігінен шығып, жөндеу аймағындағы ағашқа тірелген.

    Алматы полициясының мәліметінше, апат 11 тамызда сағат 18:26-да қаланың Алмалы ауданында болған. Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, тас бордюрге соғылып, содан кейін аударылған.

    Жүргізуші жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген. Қазіргі уақытта Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

    Бұған дейін Ақмола облысында болған жол апатында Германиядан келген ерлі-зайыптылар қаза тауып, олардың қызы ауруханаға жатқызылғанын еске сала кетейік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →