Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді

    Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

    Алматыда LRT желісінің бірінші кезегі 2027 жылдың соңына дейін іске қосылады. Жоба мерзімі қысқарып, құрылыс жұмыстары басталды.

    Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

    Сурет: politico.kz

    Алматы әкімдігі жеңіл рельсті көлік желісінің бірінші кезеңін бұрын жоспарланған 2029 жылдың орнына 2027 жылдың соңына дейін іске қосуды көздеп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жергілікті билік өкілдері бұл мәлімдемені шілде айының ортасында жасағанымен жаңалық көпшіліктің назарынан тыс қалған. Бастапқыда құрылыс жұмыстарына 2027 жылдың сәуірінен бастап екі жыл уақыт бөлініп, бағыт 2029 жылдың сәуір айында ашылады деп күтілген еді, алайда қазір жобаны іске асыру мерзімі айтарлықтай қысқарып отыр.

    Ұзындығы 18,3 шақырымды құрайтын жаңа көлік бағыты Алатау ауданындағы индустриялық аймақтан басталып, Момышұлы, Төле би және Абылай хан көшелері арқылы «Алматы-2» вокзалына дейін жалғасады. Жобаға сәйкес алматылық LRT негізінен жер үстімен жүретін болады және көшелерде артық сымдардың тартылуын болдырмас үшін бекеттерде қуатталатын аккумуляторлы құрамдарды пайдалану нұсқасы қарастырылып жатыр.

    Қазіргі уақытта ауқымды жобаға дайындық жұмыстары басталып кеткен. Нақтырақ айтқанда ескі трамвай рельстері мен тіреуіштері бұзылып, жаңа трассаның бойынан 270 жер телімін алу рәсімдері жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →