Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді

    Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

    Қазақстандық пауэрлифтер Артық Досалиев 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл рекорд Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналды.

    Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстандық пауэрлифтер Артық Досалиев салмағы 15 тонна болатын автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Otyrar.kz жазуынша, спортшы бұл сынақты қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арнаған.

    «Бүгінгі рекордымды аты аңызға айналған күш атасы, бәрімізге үлгі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арнаймын. Кезінде ол адамдарды арбаға отырғызып, оны тісімен сүйреген. Бүгін мен сол өнерді қазіргі жағдайда қайталап көрдім», – деді Артық Досалиев.

    Оның айтуынша, нәтиже Global Records өкілдері тарапынан ресми түрде тіркелген.

    Артық Досалиев бұған дейін де ерекше күш сынақтарымен танылған. Былтыр ол жалпы салмағы 120 тонна болатын теміржол құрамын орнынан қозғап, шамамен 22 метрге сүйреп, Қазақстан рекордын орнатқан.

    Әлемдік рекордтарды тіркеу жөніндегі бас офицер Қуандық Құдайбергеновтің сөзінше, бұл жолы қазақстандық спортшы төрт шетелдік рекордшының көрсеткішінен асып түскен. Олардың арасында Ресей, Украина және Мысыр спортшылары бар.

    «Артық Досалиев автобусты бұған дейінгі рекордшылардан ұзағырақ қашықтыққа сүйреді. Оның үстіне пайдаланылған көліктің салмағы да ауыр болды. Мұндай сынақта аяқтың күшімен қатар жақ сүйек пен бүкіл ағзаға үлкен салмақ түседі», – деді Қуандық Құдайбергенов.

    Сынақты көпшілік тамашалаған. Нәтиже ресми тіркелгеннен кейін Артық Досалиевке арнайы сертификат табысталды.

    Спортшы бала кезінен спортпен айналысатынын, бүгінде шәкірттер мен өз балаларын жаттықтырып жүргенін айтты. Оның мақсаты – жастарды спортқа, салауатты өмір салтына және шынығуға ынталандыру.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →