Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты

    Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр

    Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Теміртаудың Ескі қала бөлігіндегі Казахстанская мен Республики көшелерінің қиылысында жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырған қауіпті жағдай қалыптасып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Көшеден шыға берісте тек «Жол бер» мен «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгілері ғана тұрғанымен, солға бұрылуға тыйым салатын немесе оңға қозғалысты көрсететін тиісті белгілер мүлдем орнатылмаған.

    Оның үстіне жолдағы тұтас сызық өшіп кеткендіктен, әсіресе жаңбырлы күндері жүргізушілерге бағытты ажырату мүмкін болмай қалған.

    Жергілікті әкімдік пен жол инфрақұрылымына жауапты бөлімдер бұл олқылықты реттеп, тиісті белгілерді орнатуға асығатын түрі көрінбейді. Ал полиция қызметкерлері болса, әкімдік салғырттығынан пайда болған бұл «тұзақ» тұсқа аңду қойып, ереже аңдамай бұзған жүргізушілерді куәлігінен жаппай айырып жатыр. Қала билігінің қарапайым халықты әбігерге салған бұл жауапсыздығы қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →